Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды
Фото: Freepik

Елімізде тағы екі адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында коронавирус індетінен екі науқас көз жұмды. Осымен індеттен қайтыс болғандар саны 14 адамға жетті.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 88 адам тiркелді, Алматы қаласында – 75 адам, Жамбыл облысында - 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 4 адам, Шымкент қаласы - 1, Атырау облысы - 1, Түркістан облысы - 3, Қарағанды облысы - 1. ⠀

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 14 сәуірдің 10:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 264 адам, Алматы қаласында – 346 адам, Қарағанды облысында - 79 адам, Ақмола облысында - 73 адам, Атырау облысында - 63 адам, Жамбыл облысында - 49 адам, Шымкент қаласында - 39 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 22 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам, Павлодар облысында - 10 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 119 адам, Батыс Қазақстан облысында - 11 адам, Түркістан облысында - 47 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 1179 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

14 сәуірдегі эпидемиологиялық ахуалға сай науқастардың саны – 1091. Оның ішінде 138 адам аурудан айыққан. Әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны 2 миллионға (1 927 101) жетуге сәл қалды. 119 мың адам қайтыс болса, 446 мың науқас жазылып шыққан.

А. Рысдәулет