Ата-аналар балаларының тұтынатын тағамдарына аса алаңдайды. Әсіресе, бала кішкентай кезде бар уақытын сорпа, ботқа, сүзбе секілді қайнатылған немесе буға пісірілген тағамдар дайындауға арнайды. Алайда бала есейіп, бір үстел басына отыратын жасқа жеткенде қалағанын жегісі келеді. Осы тұста ғалымдар бала кем дегенде 5 жасқа толмай тұтынуға болмайтын тағамдар қатарын ұсынды.
360 мл газдалған сусынның құрамында шамамен 10 шай қасық қант болады. Бұл кішкентай бала үшін өте көп. Сонымен қатар, сусынның құрамында кофеин мөлшері де мол. Кофеинді тұтыну баланың ұйқысын бұзып қана қоймай, жоғары қан қысымына, жүрек айнуына, ашуланшақ мінезге, яғни орталық жүйке жүйесіне салмақ түсіреді. Сол үшін баланың таза ауыз суын немесе үйде қолдан жасалған алма, алмұрт, сәбіз секілді көкөніс, жеміс-жидек шырындарын тұтынғаны жөн.
Жаңғақтар
Жаңғақтар — аллерген өнімдер болып табылады. Сондықтан бала бұл өнімді көп тұтынудан сақтандыру қажет. Себебі, балаларға жағымсыз реакция тудыруы мүмкін. Әсіресе, үлкендерге қарағанда балаларда аллергия және іштің өтуі жиі кездеседі. Сонымен қатар, 4-5 жасқа дейінгі балалар тағамды дұрыс және ұзақ шайнамайды. Сондықтан мұқият болмаса, қатты жаңғақтардан қақалып қалуы мүмкін.
Кептірілген балық
Кептірілген балықты дайындау үшін, оттың түтінін, шоғын пайдаланады. Ал түтін зиянды заттарға толы. Балық кептірілгенде түтін әсерінен сары немесе қызғылт түске енеді. Мұндай жолмен жасалатын тағамдардың барлығы балалардың аллергиялық реакциясын тудыруы мүмкін және денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Сонымен бірге, темекі түтіні мен шаш бояудың исінен де балаларда ДНҚ зақымданады.
Шұжықтар мен консервіленген өнімдер
Бұл өнімдер өсіп келе жатқан ағза үшін өте зиянды. Себебі, олар ағзадағы кальцийдің азаюына септігін тигізеді. Сонымен қатар, тұздалған өнімдерді жиі тұтыну — баланың қан қысымы артуына (гипертония) және асқазан ауруына (гастрит) апарып соқтыруы мүмкін.
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар құрамында дәрумендер мен минералдар көп. Алайда, саңырауқұлақтар губка (сорғыш) тәрізді болғандықтан, басқа қоректік заттарды тез жұтып алады. Сол себепті диетологтар оны салмақ тастау мақсатында қолдануға кеңес береді. Ал кішкентай баланың мөлшерлі тағамы тез қорытылатындықтан, тұтынбаған абзалырақ. Сонымен қатар, саңырауқұлақтар қоршаған ортадағы барлық зиянды заттарды өзіне қабылдап, жұтып өседі.
Теңіз ұлулары
Теңіз өнімдері, шаяндар, устрица (ұлулардың жеуге болатын бір түрі) ақуыз бен минералдардың қайнар көзі. Алайда, белгілі себептер бойынша кішкентай балалар тамақтануына жарамсыз. Біріншіден, ұлулар — күшті аллергендер. Екіншіден, барлық ұлу — теңіз суындағы уыттар мен зиянды заттарды ағзасына жинайды. Үшіншіден, ұлулар — көптеген инфекцияға (мысалы сальмонеллез) төзімсіз. Сондықтан кішкентай баланың ағзасы мұны көтере алмайды.
Жүзім
Жүзімде пайдалы дәрумендер өте көп, бірақ балалар үшін қауіпті. Себебі, тыныс жолдарының бітелуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан 5 жасқа дейінгі балаға жүзімді жұқа тілімдерге бөліп немесе дәнегін алып берген жөн. Осы секілді баланың тамағына тұрып қалатын дәндері бар өнімдерді сақтықпен берген абзал.