Газдалған сусындардың денсаулыққа зияны

Газдалған сусындардың денсаулыққа зияны

Газдалған сусынның денсаулыққа зияны туралы бұған дейін де талай айтылған болатын. Алайда бұл жолы ғалымдар тиянақты тәжірибе жүргізіп, адамның өмір сүру ұзақтығын анықтайтын хромосомаларды зерттеуге бел буды. Бұл хромосома аймағын - теломер деп атайды. Оның ұзындығы адамның қалай тез қартайып бара жатқанын көрсетеді. Сараптама барысында 5000 адамнан қан алынған. Олардың басым көпшілігінің теломерлері қысқа болып, газдалған сусындарды көп тұтынатындығы анықталды. 

Газды сусын тұтынған адамдар мен темекі тартатын адамдардың өмірінің ұзақтығы бірдей деген болжам бар. Өйткені газды су тек қана ағза клеткаларын қартайтып қоймай, сонымен қатар жүрек ауруларына, қатерлі ісікке, диабетке шалдықтырады. Сондықтан газдалған сусындарды тұтынбай, оның орнына қарапайым қара су ішкендеріңіз абзал. Себебі оның денсаулыққа пайдасы мол.  

Бүгінгі таңда шырындарға қосылатын химиялық қоспалар мен мөлшерден тыс қант ағзамызға кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Сол себепті шырынды өзіміз қолдан жасап немесе сенімді жерден ішкеніміз дұрыс. Ең бастысы тәтті суға қызығып, өмірімізді өкінішке айналдырып алмайық, достар! 

Сурет: gigamir.net

Ұқсас жазбалар:

Газды сусындар 200 жыл бұрын пайда болған

Кока-кола ішкен соң ағзада не болады?

Газдалған сусындар пайдалы ма?

Кола сусынын мөлшерден тыс тұтыну қатерлі ісікке алып келеді

Ж. Исакаев