Ғалымдар: пластик бөтелкедегі су ауруға шалдықтырады

Қазір су құйылатын пластик бөтелкелер өмірдің ажырамас бөлшегіне айналғаны рас. Бірақ, ғалымдар оның денсаулыққа зиян екендігін айтуда.

Себебі мұндай бөтелкеден суды ұзақ уақыт бойы ішкен адамның ағзасында бисфенол-А химиялық заты артады екен. Америкалық ғалымдар осы ретте егеуқұйрықтармен тәжірибе өткізіп, пластик ыдыстан су ішкен кеміргіштердің басы ауырып, семіздік пен бедеулікке шалдыққанын анықтады.

Дереккөз: 24.kz