Күзде диетадан бас тарту керек

Дене мүсін сымбатты болу үшін физикалық жаттығу жасаумен қатар, дұрыс тамақтану керек. Көптеген адам диетаны тамақтан бас тартумен шатастырады. Негізінде, диета дегеніміз — тамақтанудың тұрақты тәртібі.

Ресейлік диетологтардың сөзіне сенсек, күзде қабылдар тағам мөлшері жоғары калориялы болуы тиіс. Мезгілдің осы кезінде дәрігерлер қатал диета түрлеріне отыруды құптамайды, өйткені оның салдарынан иммунитет төмендеп, нәтижесі күйзеліс күшеюіне жол ашады. Себебі ауа райының құбылмалы күйіне ағза тез үйрене алмайды. Ауа райы араласқан сәтте ағза күйзелісті бастан өткереді. Сондықтан тамақты шектеу көңіл-күйге негативті әсер етіп, кейбір жағдайда аурудың ауыр түріне алып келуі мүмкін. Алайда бұл ас ішудің күшейтілген тәртібін енгізіп, ұйықтар алдында да тамақтану деген сөз емес.

Күнделікті ас мәзірін сәл ғана өзгертіп отырған жөн. Жазда адам ағзасы жеңіл тағам түрлерін қабылдай отырып (көкөніс пен жеміс-жидек) өзін жақсы сезінсе, суық түсер уақытта тағам тек ыстық болып қана қоймай, сонымен бірге майлы да болғаны дұрыс. Май мен ақуызға бай балық пен етті де қалыс қалдырмаған жөн.

Мамандар калориялық тамақтанудан өзге де, әр күнгі киім гардеробыңызға қарап отыруға кеңес береді. Жауын-шашынды ауа райында ең бастысы — аяқты жылы әрі құрғақ ұстау. Сонымен бірге, диетологтар айтуынша, сорпа тағамдары салқын ауа райында жылынуға көп септігін тигізеді.

Дереккөз: nur.kz