Темекіні тастасаңыз ...

Дана халқымызда "арақ ішіп, темекі шеккен, денсаулығының түбіні жеткен" деген нақыл сөз бар. Расында да осы бір зиянды әдеттерден арыла алмай адамдар түрлі ауруға шалдығып жатады. Ал салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданған жандардың күш-қайраты мықты, өмірі ұзақ болатыны даусыз. Сондықтан біз бұл жазбамызда шылым шегуден бас тартқан адамдардың өмірінде қандай өзгерістер орнайтынына тоқталып өткіміз келіп отыр. 

Егер темекіні тастасаңыз:

- 20 минуттан соң сіздің қан қысымыңыз қалыпқа келеді.

- 48 сағаттан соң денеңіздегі барлық никотин шығып, дәм сезу мен иіс сезу атқарымдарыңыз реттеледі.

- 72 сағаттан соң күш-қуатыңыз арта түседі.

- 2 аптадан соң қанайналымыңыз дұрысталады.

- 3-5 айдан соң жөтелуіңізді қойып, тыныс алу жолдарыңыз жақсарады.