Астанадағы №7 емхана халықаралық сертификатқа ие болды

Дәрігерлердің төл мерекесі қарсаңында Астанадағы №7 емхана халықаралық сертификатқа ие болды. "Құжат медициналық мекеменің сапалы қызмет көрсетуі мен қызметкерлердің кәсіби біліктілігін айқындайды" -, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық Арнасы.

Мамандар 1,5 жыл бойы халықаралық талапқа сай келудің барлық шарттарын орындаған. Ғимараттың тазалығынан бастап, материалдық-техникалық базасы, науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету, тіпті, қызметкерлердің киім үлгісіне дейін тексерілген. 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан емханада 500-ге жуық қызметкер бар. Оның 150-і - дәрігер, 250-і - медбике. Күніне 1500 адам қабылдайды.