Әлем халқының жартысы суды қалай ішу керектігін білмейді

Әлем халқының жартысы суды қалай ішу керектігін білмейді

Таза суды көбірек ішуіміз керек деген сөзді жиі естиміз. Оның қанша мөлшерде қажет екенін БАҚ үнемі айтып отырса да, жер шары халқының 50%-ы оны қажет мөлшерде ішпейді. Бір қызығы, мұның су тапшылығына ешқандай да қатысы жоқ.

Егер сіз суды жеткілікті деңгейде ішу ережесіне күмән келтірсеңіз, біз сізге суды дұрыс ішудің пайдасын 10 түрлі аргументпен дәлелдеп береміз:

1. Біздің қанымыздың 80%-ы судан тұратындықтан, жаңа жасушалар пайда болу үшін үнемі қанымызды сумен толықтырып отыруымыз қажет.

2. Ал сүйегіміздің 50%-ы судан тұратындықтан, су оның жабындысын жаңартып отыру үшін қажет.

3. Суды дұрыс мөлшерде ішу арқылы дене ауруын басып, лимфатикалық жүйені қалпына келтіруімізге болады. Лимфатикалық жүйе дегеніміз – ағзамыздан қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын тамырлар жиынтығы. Ол үнемі суды талап етеді.

4. Су ағзаңыздағы токсиндерді ерітіп, қажетсіз қалдықты сыртқа айдап шығады.

5.  Су буындарыңыздың майланып тұруын қадағалап, ерте тозып кетуден сақтайды.

6. Су метаболизмді жақсартады. Кейде суды дұрыс мөлшерде тұтынбағандықтан, адамдар семіздік ауруына шалдығуы мүмкін.

7. Су ағзаның температурасын бір қалыпта ұстайды.

8. Су жүйке жүйеңіздің электрикалық қызметін реттеп отыруға көмектеседі. Зерттеулерге сәйкес, бір адамның миы 60 Ватт электр энергиясын өндіреді. Сондықтан ағзаның құрғауы сыртқы орта әсеріне жауап қайтару және ойлану құбылысын төмендетеді.

9. Су тәбетті төмендетеді. Сондықтан, кез келген диета суды дұрыс қолданудан басталуы тиіс.

10. Су денеңіздің барлық мүшесіне қажет.

Ал сіз суды дұрыс мөлшерде тұтынасыз ба?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай