Ер адам білуі тиіс 3 сан

1. Ер адамның белі 94 см-ден аспауы тиіс.

Қарны шыққан еркектің ішкі органдарын май басады. Бұл жүрек аурулары қаупін ұлғайтып, ерлердің басты гормоны тестостеронның түзелуін тежейді.  

Не істеу керек?

Дұрыс тамақтануыңызды қадағалаңыз. Спортпен шұғылданыңыз.

 2. Өзіндік простат антигені (ПСА) 4 нг/мл-дан аспауы тиіс.

ПСА-ны еркектік без жасушалары түзейді. Оның басты қызметі – шәуетті сұйылтып, жатырдағы шырышты еріту, соның арқасында аталық ұрық терең ене алады.

ПСА деңгейі еркектік без қатерлі ісігінен көтерілуі мүмкін.

Не істеу керек?

ПСА деңгейін тексертіп тұру.

3. Тестостерон деңгейі 33 н/моль-дан түспеуі керек.

Тестостерон негізгі қызметтері:

Аталық ұрық синтезі. Сүйек және бұлшықет тарамдарын синтездеу. Қосымша жыныстық белгілер.

Тестостерон деңгейінің төмендеу себептері:

Семіздік (вицералдық май тестостерон құрылуын тежейтін лептин гормонын түзейді). Гипофиз ісігі (аталық ұрық безіндегі тестостерон  синтезін бақылайтын мидың бөлігі).

Не істеу керек?

Арықтау. Дәрігерге қаралып, гипофиз ісігінің бар-жоғын тексерту. Дәрігер жазған гормондарды қабылдау.

Бұл сандардың нормаға сай болуы өміріңізді айтарлықтай жеңілдетеді.

Сурет: medicina03.net