Әр турист баруы тиіс Қазақстандағы 10 жер

Әр турист баруы тиіс Қазақстандағы 10 жер
Фото: zaleskiy.com

Қазақстанәлемдегі туристік елге айналу керек және сол бағытта жұмыс жасап жатқан бірден-бір мемлекет. Қазақстандағы туризм мәселесі болашағы жарқын, елдің экономикасы үшін үлкен үлес алып келетін сала. Бұл ақпарат анық болу үшін қазірдің өзінде еліміздегі туристер үшін және ел азаматтары үшін өмірінде бір рет болсын болуы керек жерлер туралы сөз қоғаймыз. 

Іле Алатауы 

Алатаудың күнгей беті тау сілемдерін жалғап жатқан, жоталар мен жартастар мекені. Алматы аумағынан басталып соңы Қырғыз елінің Ыстық көл маңына дейін созылып жатқан Алатау, туристер үшін таптырмас мекен. Таза ауа, мөлдір бұлақ, түрлі жемістер мен гүлдердің, жан-жануарлардың мекені. 


Қайыңды көлі 

Қайыңды көлі – Алматы облысында орналасқан, осыдан бір ғасыр бұрын жер сілкінісі және көшкін әсерінен пайда болған табиғи көл. Алматыдан шығысқа қарай бет алсаңыз, 280 шақырым жерде сіз көру керек Қайыңды көлі тұр. Теңізден 1900 метр биіктікте орналасқан. Түрлі жынысты ормандар мен көз тартарлық сұлулыққа көңіл сергітіп қайта аласыз. 


Шарын шатқалы 

Шарын шатқалын білмейтін қазақстандық жоқ шығар. Тек біздің ел азаматтары ғана емес, әлем елдері үшін де бұл атауы таңсық емес. Себебі жыл сайын Алматы облысына келетін туристердің көпшігілі Шарын шатқалына міндетті түрде барады. Ғалымдардың зерттеуінше Шарын шатқалының қалыптасу уақыты 12 миллион жылға тең. Бұл аймақта осыдан 25 миллион жыл бұрын пайда болған ағаштар бар. 

Катонқарағай 

Шығыс Қазақстандағы ең керемет, еліміздегі ең бір ерекше мекен. Себебі Қатонқарағайда мәңгі жасыл тартып тұратын шыршалар мен қарағайлар алқабы бар. Одан қала берді отандық жазушылардың шығармаларында сұлулық бейнесі ретінде суреттелген Катонқарағайға деген туристердің келуі көп. Оралхан Бөкейдің шығармаларында көптеп кездесетін, өзінің табиғи сұлулығымен ерекшеленетін мекенге барған да, бармаған да арман. 


Бурабай 

Атын атаған кезде көңілден бұрын, жүрек тартып кететін мекен. Шарын шатқалынан кейін атағы атой салып тұрған мекен Қазақстандағы ең тұрақты келушісі көп аймақ. Демалыс аймағы, саябақтар, аты аңызға айналған мүсіндер, тастар, таулармен қоршалған мекенге саяхат жасаудан бұрын, сол жердің тарихын естіп қайтудың өзі бір мақтаныш.


Меркі қорғаны 

Жамбыл облысының Меркі аумағында теңіз бетінен 3 мың метр биік жерде орналасқан «Меркі қорғаны» елдегі ең керемет жерлердің бірі. Басты ерекшелік мұнда бал-бал тастардың сан түрін табасыз. Бал-бал тастар біздің тарихымыздан, шежіремізден, өткенімізден сыр шертетінін ұмытпаңыз. 


Көлсай 

Тянь-Шаньның солтүстік аймағында орналасқан Көлсай демалыс орнын қазақстандықтар жақсы біледі. Алыс-жақын шет елден де келіп демалатындар саны көп. Себебі оның тағы бір ерекше атауында тұр. Көлсайды шетелдіктер «Тянь-Шаньның моншағы» деп атайды. Моншаққа оранып жатқан орманды, таулы аймақтың қонағы болу да бақыт. 


Балқаш көлі 

Қазақстандағы 16 мың шаршы метрді алып жатқан аймақтың ерекшелігі бұл жер нулы орман, тау сілемдерімен ерекшеленбейді. Бұл жердің табиғаты көлімен, шалғында өскен өсімдіктерімен көз тартады. Жыл сайын Балқаш көліне келуші туристердің саны артып, қазірдің өзінде брендке айналу үстінде. 

Елдің дамуы оның ертеңін қалыптастыруы. Еліміздегі туризм саласының дамуына біз атап өткен аймақтар үлкен пайда әкеледі. Ал олардың ұзақ жасауы мен қауіпсіздігі біздің қолымызда. 

М. Ақан