- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматылық студент қазақша...
Алматылық студент қазақша комикс салып жатыр
Мәдибек Мұсабеков есімді алматылық суретші қазақша комикс салып шықты. Комикс сюжеті негізінде XV ғасырдағы ойдан құрастырылған оқиға жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлап отыр.
Комикстің басты кейіпкері – үш ұлы бар үйдің кенжесі Ермек батыр. Батыр бозбалалық шағында өзінің өмірлік мақсатын анықтау үшін алыс сапарға шығады. Оның 10 жыл бойғы сапары беймәлім қалады да, ендігіде оның өз үйіне оралуы кезіндегі қиындықтары жайлы айтылады.
«Ермек. Ұмытылған заман аңызы» ("Ермек. Легенда забытых времен") деп аталатын комиксті автор 2010 жылы бастапты. Қазір ол бірінші кітаптың үшінші тарауын аяқтаған. Мәдибек комикс трилогиясын жасағысы келеді екен. Автордың айтуынша, трилогияға жұмсалатын уақыт мөлшермен 5-6 жыл болмақ.
Ескерте кетейік, Мәдибек Мұсабеков сәулетші мамандығында оқиды, ал жақында дипломын да қорғады.
Оқи отырыңыз:
Аңсаған Мұстафаның тушьпен салған суреттері
Ағашқа сурет салған қытайлық қыз
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: tengrinews.kz
А. Құлтай