- Негізгі бет
- Тұлға
- Аңсаған Мұстафаның тушьпен...
Аңсаған Мұстафаның тушьпен салған суреттері
Аңсаған Мұстафа − қазақтың санаулы иллюстраторларының бірі. Оның әрбір суретінен ой түйесіз, тұжырымға келіп, қорытынды жасайсыз. Көптеген әлеуметтік желілерде таралып жүрген қазақ атына сай, қазақша түсініктеме жазылған түрлі иллюстрациялардың көбісінің авторы осы Аңсаған. Ендеше оның суретті галереясына бас сұқпай кетпеңіз.
− Аңсаған, алдымен сізбен таныс болсақ, қай жақтың тумасысыз? Қайда оқыдыңыз? Қайда жұмыс істейсіз?
− Алматылықпын. Алматыдағы көркемсурет мектебінде, колледжінде, өнер академиясында оқығанмын. Ақ босаға газетінің иллюстраторы болып жұмыс істеймін.
− Суретшілікті қайдан үйрендіңіз?
− Сол мектепте үйретті.
− Суретті көбіне немен саласыз?
− Тушьпен, қылқаламмен салам. Газет ақ-қара түстес болғаннан кейін, солай үйреніп кеттім. Түрлі түсті қылып салып көрем, өзіме ұнамай қалады...
− Суретті тапсырмамен салып, жалпы коммерциялық бағытта жұмыс істейсіз бе?
− Жоқ, тек көңіл қалауымен.
− Көрмелерге қатысасыз ба? Жетістіктеріңіз?
– Көрмелерге қатысып көрмеппін. Назарларыңызға жеке қорымда бар барлық суреттерімді ұсынып отырмын! Бұйырса өзім жеке көрме ұйымдастырармын!
Астана
Ауру
Жылқы жылы
Қыз қуу
Тұсау кесу
Абай сөздерін осылай да ұлықтауға болады
Түсікке қарсылық
Әке, балаға көңіл бөл
Әке мен шеше
Алаяқтықтың арты түрме
Ана, темекі тартпа!
Ана
Әрбір төртінші әйелде сүт безі обыры болуы мүмкін
Ауыл
Ауылдан Астанаға
Балапан
Домбыра party
Жаңбырлы жаз
Жексенбі
Жүрек
Жылқы жылы бір басымыз екеу болсын!
Белгілі селфидің қазақша нұсқасы
Қазақша селфи
Қарттар үйінде қазақ көп
Қорқам, әке, ұрмашы
Күзгі махаббат
Ана жылытады
Махаббат
Сұлу қыз
Тазалық
Темекі
Ұрыс тек балаға зиян
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
Дайындаған: Ардақ Құлтай
А. Құлтай