- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматыда велошеру өтті...
Алматыда велошеру өтті
Алматыда Олимпиада күніне арналған кезекті велошеру болып өтті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімшлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, Пекиндегі Олимпиада чемпионы Нұрбақыт Теңізбаев, Азия чемпионтының алтын жүлдегерлері «Астана» клубының ватерполистері, қайырымдылық марафонының ұйымдастырушылары Валихан Тен мен Салтанат Қазыбаева қатысты.
Қала әкімі спорттық шараға жиналғандардың бәрін құттықтап, Алматыда веломарафонға қатысушылар санының күн санап арта түскенін айтты", - делінген таратылған ақпаратта.
Жиында сөз алған қала әкімі: «Бұл салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, оны өздері жүзеге асырып жүргендердің шынайы көрінісі. Бүгін біздің велошеруге олипиадашылар мен «Бірінші болу батылдық» марафонын ұйымдастырушылар да қатысуда», - деді.
Шара аясында боксшы Ермахан Ибраимовқа, палуан Нұрбақыт Теңізбаевқа және «Астана» клубының ватерполистеріне Алматы әкімі бағалы сыйлықтар тапсырды.
Ал «Астана» клубының спортшылары қала әкіміне Азия Кубогі мен команданың автографы жазылған доп сыйлады.
Әкімнің Құрмет грамотасы қайырымдылық марафонын ұйымдастырушылар, «Word Class» фитнес клубының өкілдері Валихан Тен мен Салтанат Қазыбаеваға берілді.
Әкім 5 мыңнан астам адам қатысқан қайырымдылық марафонын ұйымдастырғандарға алғыс айтып, оның дәстүрге айналатындығын жеткізді.
Велошеру белсенділеріне ескерткіш сыйлықтар берілді. "Радостовца 2" клубының мүшелері велошеруде ең жас қатысушы ретінде танылды.
Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін Алматыда кезекті велошерудің өтетіндігін хабарлаған болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
суреттер: k1.kz
Massaget