Алматыда кезекті велошеру өтеді

Алматыда кезекті велошеру өтеді

Алматыда 19 мамыр күні кезекті велошеру өтеді. 

Халықаралық Олимпиада күніне орай өткізілетін велошеру шарасы таңертеңгі сағат 8:30-да Әл-Фараби мен Тәттімбет көшелерінің қиылысындағы тоннельден басталып, Әл-Фараби бойымен Науаи көшесіне дейін, одан әрі Мұстафинға дейін жалғасады. Велоспорт әуесқойларының мәресі Бірінші Президент саябағында аяқталады.   

Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі көлік жүргізушілерін осы уақыт кезінде аталған көшелерден айналып өту керектігін ескертеді.

Велошеруге ватерполдан IX клубтық Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынған алматылық "Астана" клубының спортшылары және "Смелость быть первым" II қайырымдылық марафонының ұйымдастырушылары қатысады. Жалпы шараға қатысам деушілерге ешқандай шектеу қойылмайды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: bnews.kz

Б. Қосмағамбет