- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Алматы әуежайын шарықтаған...
Алматы әуежайын шарықтаған баға шарпыды
Қауіпсіздік омбудсмені (мемлекеттік органдар әрекетінің заңдығын бақылайтын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын парламенттегі лауазымды адам) Виталий Веревкин Алматы әуежайындағы шай мен сыраның құтырған бағасы көрсетілген чек жариялады. Билік бұл бағамен күресетінін екі ай бұрын мәлімдеген еді. Ал баға билікті жеңгенге ұқсайды.
Чекте Алматы әуежайының кафе мен рестораны Fuse-tea шайын 500%, Grolsch сырасын 1000% үстеме бағамен сатқаны көрсетілген. Әуежай кафесінің бағасы қол жетімді етіп төмендетілетіні жаз маусымының басында айтылса да, бұл күнде биліктің кезекті құрғақ уәдесі күйінде қалып қойған.
Жолаушылардың жағдайына қатты алаңдаған омбудсмен Виталий Веревкин бұл жағдайға бей-жай қарай алмай, Facebook парақшасына чекті жүктеді.
Бір топ алматылық белсенді әуежайдағы аспандаған бағаны төмендету жөнінде билікке бірнеше рет өтініш те жолдады.
«Жолаушылар қарапайым заттарға он есе артық төлеп, шенеуніктердің өктемдігінен әбден қажыды. Әуежай аумағында бір ғана сату орны бар, оның субъектілері бәсеке ережесімен санасуы керек. Басқа тамақтанатын жер жоқ. Баға қалыпқа келуі үшін тағы бір бәсекеге түсетін орта ашу қажет», - деп жазды Жасұлан Құрманов.
Петиция жолданған соң, Алматы әкімшілігі әуежай рестораны мен кафесіндегі бағаны назарға алды. Алдыңғы әкім Ахметжан Есімов самсаның 1000 теңге тұру себебін анықтауға өзінің орынбасары Юрий Ильинді арнайы жіберді.
Ильин бастықтың тапсармасы бойынша жиналыс ашып, әдеттегі шенеуніктерше:
– Тауар бағасын дереу реттеу керек. Алматыда рұқсатнамасыз (визасыз) жүрген жолаушылар саны 12%-ға артты, - деді.
Маусым айының басында Алматы әкімінің орынбасары бастауымен тақырыпты талқылауға аудандық әкімшілік өкілдері, прокуратура, тасымал тұтынушыларының құқығын қорғау органы, әуежай басшылары, кафе иелері қатысқан жиналыс болды.
Енді қоғам мен биліктің назары «арқасында» әуежайдағы жаздық баға өзгерді... өсіп кетті. «Көтере алмасаң, қосып арқала» деп, бағаны шарықтатқан үстіне шарықтатты. Одан әкімшіліктің араласпағаны артық еді.
@. @assel_assanova