7 мамыр... Не сыйлаймын?

7 мамыр... Не сыйлаймын?

Көптен күткен 7 мамыр да келіп жетті. Әкеңізге, жігітіңізге, досыңызға не сыйларыңызды білмей, біраз ойланған боларсыз? Әлбетте, санаулы аксессуарды қанағат тұтатын жігіттер қауымын таңғалдыру қиын-ақ. Дегенмен біздің 8 наурызда әлдебір тосын сый күткеніміз сияқты, олардың да ерекше көңіл мен сыйлық тосатыны сөзсіз. Тіпті, жігіттер мына жерде өз наздарын айтып қалған болатын. 

Иә, барахолканың галстугын сыйлайсыңдар деп ренжулері орынды-ақ. Бұл көбінде қалтаның ғана емес, идеяның да жетіспеушілігінен болып жатады. Сол себептен, бүгін жан-жақты қамтып, алдарыңызға сыйлық тізбегін жайып салғанды жөн көрдім. 

Қыздар, сыйлық алуға аттанбас бұрын, мына кеңестерді бір шолып шығу артық болмас. 

Ең алдымен әлбетте, жігіттің қызығушылығын ескеріңіз. 

  • Сыйлықтың көшбасшысы – кітап. Ол қай ғасырда болмасын, қызықты, пайдалы сыйлық болып қала бермек. Сүйіктіңіз үшін махаббат туралы кітаптар таптырмас сыйлық болмақ. 

  • Бүгінде техниканы пайдаланбайтын адам жоқтың қасы. Компьютер болсын, ұялы телефон болсын, бәріміздің серігімізге айналып кетті. Жігіттерге техно сыйлықтар ұнайтынына сенімдімін. Олар: тышқан, құлаққап, веб-камера, ноутбукқа, планшетке арналған сөмке (суреттегідей), Blu Ray, DVD плеер, электронды кітап, телефон, фотоаппарат, видеокамера т.б.

  • Спорттық құралдар сыйлауға да болады. Олар: доп, спорт сөмкесі, шлем, велосипед, гантель т.б. Сүйікті футбол командасының аты жазылған жейде керемет сыйлық болмақ. 

  • Жігіттердің аксессуарлары әдеттегі сыйлық болса да, оларға қуаныш сыйлайтыны анық. Көйлек, сағат, әмиян, белдік, көзілдірік т.б. сыйлауыңызға болады. 

  • Үйде не мейрамханада романтикалық кешкі ас ұйымдастыруға болады. Парашюттан секіру, атпен серуендеу сияқты ерекше сыйлықтар оның есінде қалары сөзсіз. 

  • Жігіттің темір тұлпары болса, машинаның бұйымдарын сыйға тартсаңыз жарасады. Сондай-ақ жігітке қолдан сыйлық жасап беруге болады. 
  • Камуфляж бұйымдары бұл мерекеде таптырмас сыйлық болмақ. 

  • Мынадай естелік сыйлықтарға қалай қарайсыз?

Бүгін – еліміздегі бар азаматтың мерекесі. Осы мерекеде жанына жақын азаматтарды қуанту да, мұңайту да нәзік жандылардың қолында. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін есте қаларлықтай етіп өткізулеріңізге тілектеспіз!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: fafka.ru, ru.aliexpress.com, kiev.ko.slando.ua, buro.ru, 

akak.ru, 320-8080.ru

Р. Роза