Жаңа жылда ауа райы қандай болады?

Жаңа жылда ауа райы қандай болады?
Фото: Yernar Almabek

Синоптиктер Қазақстанда 30, 31 желтоқсан және 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, Қара теңіз аймақтарынан келетін ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді. Соған байланысты еліміздің басым аумағында жауын жаумайды, сондай-ақ солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста 35 градусқа дейін аяз болады.

"30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында, түнде солтүстік-шығыста қалың қар жауып, боран соғады. 31 желтоқсанда батыста, 1 қаңтарда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады ", - делінген хабарламада.

Қазақстанда басым аймағына тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Республиканың оңтүстік-шығысында және шығысында жел екпіні секундына 23-28 метрге, Алматы облысы Алакөл ауданында жел екпіні секундына 30 метр жетеді. 

Т. Раушанұлы