33 градусқа дейін аяз: Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" Қазақстан бойынша 25, 26 және 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінен атмосфералық ауа ағындар өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын, көктайғақ болып, тұман түседі, боран соғып, қар жауады.

"Батыста ауа температурасы түнде 14-23 градустан 3-13 градусқа дейін, күндіз 13 градус аяз, 3 градус жылы болады. Солтүстік-батыста түнде 17-33 градустан 7-23 градусқа дейін аяз, күндіз 10-25 градустан 2-11 градусқа дейін аяз болады. Солтүстікте ауа температурасы түнде 20-33 градус аязды көрсетеді. Орталықта және шығыста, солтүстік-шығыста түнде 5-15 градустан 10-25 градусқа дейін аяз болады", - делінген хабарламада.

Оңтүстікте түнде 15 градус аяз, 3 градус дейін жылы және 3-20 градусқа дейін аяз, күндіз 8 градус аяз, 12 градус жылы, 10 градус аяздан 3 градусқа дейін жылы, республиканың оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяздан 3 градусқа дейін жылы, 0-8 градус аяз, ал күндіз 2-10 градусқа дейін жылы, 0-10 градусқа дейін аяз болады.