Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

16-18 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Таразда да 16-17 желтоқсанда тұман. 

16 желтоқсанда Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда 16 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

16 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі. Қызылордада 16 желтоқсанда кей уақытта тұман түсуі ықтимал.

16 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкентте де, Түркістанда да 16 желтоқсанда түнде тұман түседі. 

16 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с. Көкшетауда осы күні оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15 м/с. 

16 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда да 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түсуі күтіледі.

Күндіз 16 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

16 желтоқсанда Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, өңірдің оңтүстігінде, батысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.