Шымбұлақ + Oi-Qaragai = жаңа абонемент

Алматылықтар мен қала қонақтарына қос курортты тамашалауға мүмкіндік беретін жаңа абонемент ашылды. Қыста абонемент иесі екі курорттағы қызметті шектеусіз қолдана алады. Бұл бастама — Алматы тау курорттарын біріктірудің алғашқы кезеңі.

Бюджетті бөлудің дұрыс жүйесі болашақта Алматы мен Алматы облысының басқа курорттарына да жүзеге асыруға таптырмас мүмкіндік. Жеке курорттардың дамуы, тұтастай тау шаңғысы индустриясының дамуын бастайды. «Тау шаңғы индустриясы бір орында тұрмайды, біз жыл сайын жаңа өнімдерді жетілдіру үшін жұмыс жасаймыз. Туристтер арасында түрлі курорттарда шаңғы тебуге деген сұраныстың жоғарылауын талдау, бірыңғай маусымдық абонементін жасау ойын тудырды. Өткен жылы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы осы қиын кезеңде туризм индустриясына қатысушылар арасында ынтымақтастық қажет екенін айтты, бәсекелестер қызметтерді ортақ пакеттерге біріктіруге және статистикалық мәліметтермен бір-бірімен бөлісіп кірісуге шақырды» — Шымбұлақ тау курортының бас директоры Абдрахманов Ринат.

Келер уақытта қысқы маусымда Алматыға келген туристер үшін таптырмас ұсыныс – бір апталық абонемент беру жобасы қаралып жатыр. Алматы қаласы әкімдігі тау шаңғы туризмін одан әрі дамытуға әрі танымалдылығын арттыруға белсенді түрде кірісетінін айтты. Oi-Qaragai тау курортының бас директоры Ерлік Балфанбаевтың айтуынша: "Бұл – Алматы облысының тау шаңғысы туризмін дамытудағы үлкен қадам. Бірыңғай қызметтерді дайындау арқылы біз тау баурайының алуан түрлілігін және де қызығушылық танытатын шетелдік туристер мен тұрғындар үшін, Қазақстандағы тау шаңғысы нарығының тартымдылығын арттырамыз. Осы маусымда бұл өнімнің синергетикалық әсерін көре алатынымызға сенімдімін. Бұл барлық келушілер үшін тиімді: курорттар мен қонақтардан бастап, қала мен елге дейін қызығын көреді".

Бірыңғай маусымдық скипасс 2021 жылдың 28 тамызында сатылымға шықты. Бір ғана маусымдық тау шаңғысы абонементі алматылықтар мен қала қонақтарына демалысты курорттардың бірінде өткізуге таңдау береді. Абонемент иесіне арналған шаңғы трассаларының жалпы саны 38, олардың ұзындығы 45 км, ал көтергіштер саны 19-дан артады. Әзірленген өнім курорттардың бірлескен маркетингтік қызметінің негізі болады, Алматыдағы тау шаңғысы нарығының арттыруна және ұлғаюына әкелуге тиіс. Мұндай науқан екі объектті танымал етуге, қонақтар үшін тау шаңғысы демалысын қолайлы және қолжетімді етуге көмектеседі. Екі курорттың бірігуі елдің тау шаңғы индустриясының дамуындағы тарихи кезең болмақ.

Екі курорттың бірігуі елдің, ел туризмінің дамуындағы, тау шаңғысы тарихындағы үлкен оқиға болып отыр.