Каспий теңізі қазақша қалай аталған еді?

Каспий теңізінің атауы сізге оғаштау естілмей ме, осы жайлы ойланып көріп пе едіңіз? Қазақы емес сияқты естіледі, иә? Бұл сөзбен байланысты нәрсенің бәрінде қазақылық сезілмейді-ау...

Бұл сөз қазақшаланса, "Каспий" емес, "Кәспи" боп бейімделер еді. Алайдаондай жазылым бекітілмей, орысш нұсқасы қалды. Бірақ бұдан бір ғасыр бұрын бұл көлдің аты мүлдем басқаша болғанын білген бе едіңіз?

Жазба деректерді зерттей келе, Каспийдің бұрынғы қазақша атауы "Атырау теңізі" екені анықталды. Бұған бірнеше дәлел бар: 1931 жылы басып шығарылған "Капиталдық дүние географиясынан қысқаша оқу кітабы" және өткен ғасырдағы газеттерінен көруге болады. 

qazaqgrammar