Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: massaget.kz

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 4 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстары бойынша жауын-жашын (жаңбыр басым), кей жерлерде қатты түсуі болжанады. Осыған байланысты қар еріп, мұздық құбылыстардың әлсіреп өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін. Су деңгейлері көтеріліп жайылуы мүмкін.

"4-5 наурызда Атырау, Батыс-Қазақстан облыстары бойынша қысқа мерзімді күндізгі ауа температурасының +5 °С жоғарылауы, жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсуі күтілуде. Осыған байланысты қар еріп, мұздық құбылыстардың әлсіреп өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде ағынның пайда болуы мүмкін.

Ал, 6-7 наурызда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарында қысқа мерзімге ауа температурасы күндіз +5°С жылыға дейін, Шығыс Қазақстан облысында +3+8°С  дейін жоғарылайды. Осыған байланысты қар еріп, мұздық құбылыстардың әлсіреп өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін. Су деңгейлері көтеріліп су басуы мүмкін", - деді "Қазгидромет" мамандары.

Сонымен қатар 1 наурыздағы жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Қарағанды, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстары территориясының 99%, Шығыс Қазақстан облысында 92% қар жамылғысы жатқаны айтылады.

Н. Үсенова