Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Qamshy.kz

Синоптиктер 2018 жылдың 20-22 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар, боран, желдің екпіні секундына 15-20 метр күшейеді, тұман түседі", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар мамандардың айтуынша, 22 ақпаннан бастап Скандинавия түбегі аумағындағы антициклонмен байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Н. Үсенова