"Менің Отаным – Қазақстан" атты асфальтта сурет салу сайысы өтті

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай Алматы қаласында «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 14 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімін Алматы қаласының ТЖД аумағында "Менің Отаным – Қазақстан" атты асфальтта сурет салу сайысы өтті.

Сүйікті отбасы, астанасы мен еліне байланысты суреттерді балалар зор ынтамен бейнеледі. Конкурсқа 5-12 жас аралығындағы жас қатысушылар ат салысты. Әрбір салынған сурет ерекше болды. Мысалы, 4 жасар Алина табиғатты, үйді, құстар мен ағаштарды салып, Отанға деген сүйіспеншілігін көрсете білді, ал 7 жасар Назгүл астананың басты көрікті жерлерін бейнеледі, сол үшін бас жүлделердің біріне ие болды.

Осы сайыстың әр түрлі жас санаттарында жеңімпаздарын сайыс комиссиясы анықтады. Іс-шара соңында «ӨС және АҚЖҚ» ММ Алматы қаласының ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау Бағдат Чайзада балаларға сайысқа белсене қатысқандары үшін ризашылығын білдіріп, қайсар, аман-сау, мықты, ақылды және Отанына лайықты болуын тіледі.

Конкурсқа қатысқаны үшін барлық балаларға естелік сыйлықтар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі