Алматылық кішкентай қыздар Интернетте жұлдызға айналды

Алматылық кішкентай қыздар Интернетте жұлдызға айналды
Фото: Instagram

Алматылық 5 жасар Әмина, 3 жасар Әдия және және бір жарым жасар Аружан Интернетте нағыз жұлдызға айналды. Қыздар түскен қысқа видеолар YouTube және Instagram желісінде мыңдаған көрілім жинап жатыр.

Қыздардың әкесі Рамазан Tengrinews.kz тілшісіне алғашқы видеоның биыл тамыз айында түсірілгенін айтты. Оның айтуынша, қыздары видеоға түскенді қатты жақсы көреді. Ол қыздарды Андрей Малахов "Пусть говорят" шоуына шақырғысы келетінін де айтты. "Аффтор жжет" бағдарламасының продюсері оған хабарласып, үнемі байланыста болуын сұрапты.

Дереккөз:  Tengrinews.kz 

С. Ерсін