Ауа райы: Сәуір айының соңында күн едәуір жылы болады

Сәуірде Қазақстанның бірнеше облыстарында  ауа райы суық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.

Көктемнің екінші айында ауа температурасы Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында нөлден төмен болады және Қарағанды облыстарында ішінара суытады. Қарағанды облысында күн жауын-шашынды болады деген болжам бар. Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында және ішінара Павлодар облысында жауын-шашын мөлшері нормадан төмен болады.  

Сәуір айының бірінші онкүндігінде Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі, батыста 13-18 градусқа, оңтүстік-батыста 15-23 градусқа, солтүстік-батыста 5-13 градусқа, солтүстікте, солтүстік-шығыста және шығыста 2-10 градусқа, республиканың орталық бөлігінде 10 градусқа, оңтүстікте 12-20, оңтүстік-шығыста 7-15 градусқа дейін жетеді. 

"Бірақ ауа температурасы жоғары болса да жауын-шашынсыз болады деп ойламау керек - елдің батысында 4-6 сәуір аралығында жауын-шашын болады, жауын-шашын ілесе шығысқа қарай жылжиды. Қазақстанның оңтүстігінде фронталды бөліктерінің өтуіне байланысты бірінші онкүндікте жаңбыр жауады", - деді синоптиктер. 

Айдың ортасында Қазақстанда ауа райы қайтадан өзгеруі ықтимал. Жылы күндердің соңынан жауын-шашынға: жаңбыр мен қарға ұласатын суық түсуі мүмкін және күшті жел тұрады. Елде үшінші онкүндікте ғана күн жылиды деген болжам бар. Ауа температурасы 15-20 градусқа, ал оңтүстікте 20-25 градусқа дейін жетеді.