Алматыда жапон бағы пайда болады

Алматыда жапон бағы пайда болады

Тұңғыш Президент саябағында «Жапон бағы» пайда болады, деп хабарлайды BNews.kz.

Кең ауқымды тематикалық композиция Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағының аумағында болады. Жобаға қаланы көгалдандыру және абаттандыру аясында Алматы табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тапсырыс берген екен. 

Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, «Жапон бағы» мегаполистің жаңа визиттік карточкасына айналмақ. Естеріңізге салып өтсек,өткен жылы қала қонақтары мен тұрғындары үшін «Қазақ ауылы» атты тематикалық бау-бақша ашылған еді. Бұл дәстүр биыл да жалғасын таппақшы. Жобаны жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылар 16 қырым қарағайын, 12 шие ағашы мен 20 түп тау қарағайын, сондай-ақ жапон үйеңкісін отырғызуды жоспарлап отыр. Композицияның жалпы аумағы 900 шаршы метрді құрайды. 

сурет: yvision.kz

Е. Қайрахан