Алматыдан 424 шақырымда магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болды

Алматыдан 424 шақырымда магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болды

21 қаңтарда Астана уақыты 15.10-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 424 шақырымда магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында болды. Жерасты дүмпулері 5 шақырым тереңдіктен анықталды. Оның энергетикалық класы - 10,4.

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен үйлердің қирауы жайлы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өскемен және Семей қалаларында жер сілкінісі сезілгені хабарланған болатын. 20 қаңтар күні Астана уақыты бойынша 15.30-да Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 660 шақырымда - Қазақстан аумағында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркелген. Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, жер сілкінісі Семейде МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балл, Өскеменде 2 балл түрінде сезілді. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

сурет: some.kz

Е. Қайрахан