Ел төріндегі Тәуелсіздік мерекесі

Ел төріндегі Тәуелсіздік мерекесі

Астана қаласының тұрғындары Тәуелсіздіктің 22 жылдығына ерекше қарқынмен дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде деп хабарлайды Total.kz порталы.

Мереке күнінде 30-дан астам әртүрлі іс-шаралар өтеді, оның ішінде фестивальдар, көрмелер, театрландырылған қойылымдар мен әдеби кештер бар.

16 желтоқсан күні Астананың жүрегінде орналасқан Орталық алаңда күннің басты думаны мерекелік ән-би кеші ұйымдастырылады. Қала қонақтары мен жергілікті тұрғындар үшін қазақстандық жұлдыздар өнер көрсететін болады. Думанды кеш 18:00-де басталады.

Мерекеге дейінгі іс-шаралардан да хабардар болыңыздар:

12 желтоқсан

Кеше заманауи өнер мұражайында "Қазақстандық Пейзаж" атты көрме ашылса, № 3-ші ауруханада 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналған "Өлмес рух" атты кітап көрмесі жұмысын бастады. Астаналықтар кешкі 18:30-да Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыка-драма театрында "Абылай ханның арманы" атты тарихи драманың алғашқы көрсетіліміне жиналды.

13 желтоқсан

Бүгін 16:00-де "Жастар" сарайында Тәуелсіздік күніне орай жастар фестивалі өтеді. Еліміздің жас өнерпаздары ән айтудан, биден, қолөнер жасаудан сайысқа түсетін болады.

Сондай-ақ, С. Сейфуллин атындағы мұражайда "Желтоқсан алауы" атты көрме ашылады. Көрме 24 желтоқсанға дейін жұмысын жалғастырады.

Мұнан басқа Орталық Азиядағы тұңғыш көрме World press photo 2013 өз көрермендерін жинайды. Экспозиция Қазақстанның осы күнге дейінгі маңызды оқиғаларын қамтуға бағытталған. Аталған бірегей көрме 26 желтоқсанға дейін ашық болады.

Белсенді демалысты ұнататын тұрғындар да ескерусіз қалмаған. Бүгін "Алау" атты Мұз сарайының ашылу салтанаты өтеді.

14 желтоқсан

16:00-де "Қазақстан" Орталық концерт залының өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады.

19:00-де дәл осы жерде "Менің елім" атты концерт өтеді.

15 желтоқсан

11:00 және 18:00 аралығында М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрынан "Ханума" атты музыкалық комедияны тамашалай аласыздар.

18:00-де "Қазақстан" Орталық концерт залында "МузАрт" тобының ән кеші өтеді.

16 желтоқсан

16:00-де қазақстандық "Жерұйық" рок-операсының алғашқы кеші өтеді. Іс-шара Бейбітшілік жән Келісім сарайына жоспарланған.

18:00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Соңғы есімше" қойылымы қойылады.

Дәл осы уақытта жоғарыда айтып өткен Орталық алаңдағы мерекенің басты думаны басталады.

Сондай-ақ, 18:00-де қонақтар мен тұрғындар тағы да "МузАрт" тобының концертін тамашалай алады.

Мереке құтты болсын, ағайын! Еліміздің керегесі берік, шаңырағы биік, қуанышты күндеріміз қашанда көп болсын!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: kapital.kz, meloman.kz, inform.kz