Қазақстан дипломаттары Мәскеудегі Ә.Молдағұлова және Б.Момышұлы атындағы мектептерге жолықты
![Қазақстан дипломаттары Мәскеудегі Ә.Молдағұлова және Б.Момышұлы атындағы мектептерге жолықты](/userdata/news/news_38267/image_l.jpg)
Фото:
Асылбек Төлешов
Қазақстан дипломаттары Мәскеудегі Ә.Молдағұлова және Б.Момышұлы атындағы мектептерге жолықты. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің қарсаңында Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Кеңес Одағының Қаһармандары Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы атындағы Мәскеудің №402 және № 1912 (Зеленоград) мектептеріне жолықты.
Қазақстан дипломаттары мектеп оқушылары ұйымдастырған Ұлы Қаһармандарды еске алу салтанатты шараларға қатысып, батырлардың ескерткіштеріне гүлдер қойды.
Іс-шараларға соғыс және еңбек ардагерлері, Мәскеудегі қандастарымыз және студенттер қатысты. Мектеп оқушылары мерекелі концерт ұйымдастырып, соңында қонақтарды мектеп жанында құрылған Әлия Молдағұловаға және Бауыржан Момышұлына арналған мұражайлармен таныстырды.