- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- 9 мамыр. Атамды...
9 мамыр. Атамды ардақ тұтамын!
Мен атамды мақтан етемін. Оның аты-жөні - Ботабаев Жамеш Маханұлы. Ол 1930 жылы 1 қаңтарда Ақтөбе облысы, Ембі қаласы, Егіндібұлақ деген жерде дүниеге келген. Атамның 4 жылдық білімі болған. Атам Ұлы Отан соғысының тыл ардагері. Соғыс талай адамның балалық шағын ұрлағаны белгілі. Атам жастайынан әкесінен жетім қалған. Содан ауыр еңбекке 9 жасынан бастап араласып, анасы мен қарындасын асырау үшін қара жұмыс жасаған.
1941 жылы соғыс басталғанда атам небары 11 жастағы бала болған. Соғыс кезінде тылда жұмыс істеп қой, жылқы баққан. Қақаған қыста талай жолдан адасып, қалып қойған. Атамның тылда жұмыс істегені туралы көптеген медальдары бар. Мысалы: "Ұлы жеңіске 60 жыл", "Ұлы жеңіске 65 жыл", "Победитель соцсоревнования 1974", "За долголетний добросовестный труд", "За доблестный труд" т.б.
Соғыс біткенен кейін атам 18 жасында отау құрған. Одан кейін 4 жыл Отан алдындағы борышын өтеген. Атам мен әжем 2 бала тәрбиелеп өсірді. 2 баласынан 7 немере, 1 шөбере тарады. Атам 2014 жылдың 31 желтоқсанында дүниеден өтті. Тірі болғанда Ұлы жеңістің 70 жылдығына қатысар еді. Біз атамызбен мақтанамыз. Егер олар болмаса біздің бүгінгі күніміз не болар еді? Сол себепті "елім" деп, "жерім" деп Отан үшін шыбын жанын шүберекке түйген ардагерлерімізді ұмытпайық.
Айымгүл Жамешова
Сурет: elseverina.blogspot.com
Оқи отырыңыз:
Сталинград майданында ерлік көрсеткен Николай
Массагет соғыс ардагерлері туралы естеліктер жинауды бастады
Отан соғысының ІІ дәрежелі ордені Сағадат Нұрмағамбетовтің отбасына 30 жылдан соң берілді
Ж. Исакаев