Қыр ұлдары қашудың орнына, танкке бөтелке лақтырды

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді

Пауль Карель, Германия гитлерлік шетел істері министрлігінің бұрынғы ақпарат басқармасы. Ол өзінің «Шығыс майданы» еңбегінде Мәскеу түбіндегі жеңілісін былай жазады:

«Танкшілер моңғол әскерінің тәсілін қолданып, тез қимылдай шайқасты. Ал қыр ұлдары қашудың орнына, танкке «Молотова коктейлі» толтырылған бөтелке лақтырды.

«Қиыр Шығыстан Мәскеуге жіберілген моңғолдық және сібірлік дивизия басқаларына қарағанда зор ерлік, рух танытып, қайтпас қайсарлығымен ерекшеленді. Мәскеуді аман алып қалуға осы әскердің сіңірген еңбегі мол...»

Бүгінде құрамында Бауыржан Момышұлы шайқасқан 316-шы атқыштар дивизиясы моңғолдық дивизияға жөнелтілгені белгілі. 1944 жылғы ұрысты суреттей отырып, Пауль Карель кейде моңғол сөзінің орнына «түркмен» сөзін де қолданады.