Нұрпейісов Сарбас – ерлік пен төзімділік үлгісі

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді

Менің атам Нұрпейісов Сарбас 1898 жылы Ақтөбе облысы, Темір ауданында туған. Жары – Қожина Набетпен 1965 жылы 23 желтоқсанда отасқан. 1920-30 ж.ж. мұғалім болып қызмет етті. Отызыншы жылдардан кейін Торғай облысына жіберіліп, ол жақта газет редакциясында жұмыс істеді.

1927 жылдан бастап Сарбас Қостанай қаласында Қостанай аудандық комсомолдар партиясына мүше болады. 1941 жылы Ленинград қаласындағы Жоғары партиялық мектепке түседі, «мыңдықтар қозғалысы» құрамында болады. 1941 жылдың маусымында мектепті аяқтап, Ақмола гарнизонына жіберіледі. 307-ші кавалерлік полк, 106-шы кавалерлік дивизия, миномет батареясының командирі боп тағайындалады. Шені – кіші саяси жетекші.

Балалары:

Ұлы Нұрпейісов Сәлім 05.05.1931 – 23.03.2012

Қызы Мәмбеталина Сара 16.05.1928 – 06.12.2013

Қызы Есенғалиева Мәрияш 10.12.1937

Ұлы Нұрпейісов Болат 1941 – 1942.

Ұлы Нұрпейісов Сәлім үміт үзбестен сан жылдар бойы әкесін іздеумен болады. Бірақ кеңес кезеңіндегі қайтыс болған адамдар жөнідегі барлық ақпарат құпия сақталуы тиіс.

Бірнеше жыл өткеннен кейін ғана қазір Қостанайда тұратын немерелері мен шөберелері атасы туралы мәлімет алды. Ол 1942 жылдың көктемінде шабуыл операциясы кезінде қоршауда қалып, ерлікпен қаза тапқан. Украинада Харьков түбінде Красногород селосы жанына жерленген екен.

Мен, Оспанов Марат Серікұлы 1979 жылы тудым. Сәлім Сарбасұлының немересі, Зәуреш Сәлімқызының ұлымын.

Нағашы атам Нұрпейісов Сарбас маған әрдайым ерлік пен табандылықтың, төзімділіктің үлгісі болды. Соғыстағы ерлігі үшін оған шын жүректен тағзым етеміз.