Жауынгер Тоғайбаев Жәкебай туралы

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Тоғайбаев Жәкебай 1906 жылы Белкин кеңес селосындағы «Ұмтыл» колхозында туған. Алматы облысы, Бөрілі төбе жерінен әскерге шақырылған. Соңғы әскери борыш өтеген жері – 161-ші курсанттық сап бригадасы. Әскери шені – кіші сержант. Бөлім командирінің орынбасары болды. Жұбайы – Катеп. Қызы – Кастер, 1940 жылы туған. 1942 жылы 5 қыркүйек күні қайтыс болды, Ленинград облысында жерленді. Суреттері сақталмаған.

Басқа ешқандай ақпарат жоқ, Катеп 1945 жылы қайтыс болған. Ол үш бала, алты немере, төрт шөбере тәрбиелеп өсірген.