Соғыстан соң ауылшаруашылығын дамытуға атсалысқан ардагер туралы

Соғыстан соң ауылшаруашылығын дамытуға атсалысқан ардагер туралы
Фото: waralbum.ru

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Нұрғожин Рахмалы кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Отбасындағы алты баланың екеуі ғана жеті сыныптық Казгородка мектебін аяқтаған. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Сырымбет ауылында орналасқан. Зейінді Рахмалы мектеп бітірген соң Петропавлдағы акуылшаруашылық техинкумына түсіп, оны да үздік аяқтайды. Жастық шағы ашаршылық, репрессия кезеңімен тұспа-тұс келіп, оны аудандық комсомолдар комитетіне жөнелтеді. Ол сол жерде 1937-1941 жылдар аралығында нұсқаушы болып қызмет етті.

Одан соң соғыс басталды. Рахмалы Нұрғожин офицер шенімен Мәскеу мен Кенигсберг арасындағы майдан жолына аттанды. Гаубица (аспандата ататын қыша діңгекті ауыр зеңбірек) батареясының командирі болды. 2-ші Балтық майданы құрамында Белоруссияны азат етуге қатысты. Кенигсберг қаласын алуда жарақаттанды. Қызыл Белгі орденімен, «Кенигсбергті алған үшін», «Жеңісі үшін» медальдарымен марапатталды. 1947 жылы жарақат алған соң Кеңес әскері қатарына өтті. СССР және Еуропа елдерін қайтарып алуда ерен ерлік көрсетті. Соғыстан оралғаннан кейін Айыртау аудандық комитетінде үгіт-насихат бөліміде жұмыс істеді.

Ол шыныда да таңғажайып адам еді. Оның замандастары: «Жұмыс Рахмалыдан қорқады» деуші еді. Ол Айыртау ауданының мәдениеті, ауылшаруашылығы, экономикасы дамуына зор үлес қосты. Тың және тыңайған жерлерді игерудегі жанкешті еңбегі үшін көптеген ордендер, медальдар иеленді. 1996 жылы зейнетке шықты. Соғыстан алған жарақаттары әсерінен ұзақ ауырды. 1972 жылы 58 жасында өмірмен қош айтысты. Өкінішке орай, немерелері өздерінің қандай керемет атасы болғанын көре алмады.

Мадина Нұрғожина


@. @assel_assanova