Жауынгерлер: Құмаров Бекжан, Лопаткин Михаил

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Құмаров Бекжан (1911-1945) – гвардияның кіші лейтенанты. 182-ші гвардия ротасының командирі. 1941 жылы ҚазССР Гурьев облысынан әскерге шақырылды. Соғыс сәтінде үш рет жараланды. 1945 жылы 5 қаңтардағы бұйрық бойынша ҰОС бірінші дәрежелі орденімен марапатталды. 1944 жылы 25 желтоқсанда кескілескен ұрыста екі аяғы бірдей жарақаттанды. 1945 жылы 3 қаңтарда әскери госпитальде қайтыс болды. Шимонторния қаласында жерленді.

2009 жылы жерленген жері табылып, 2010 жылы мемориалдық тақтаға аты жазылды.

Лопаткин Михаил Алексеевич 1921 жылы 21 сәуірде Иркутск облысы, Добчур селосында туған. 1939 жылы Қызыл әскер қатарына борыш өтеуге шақырылды. Мәскеу түбіндегі ұрысқа қатысты.

1943 жылы наурызда жараланды. Госпитальден шыққан соң жылдамдатылған офицерлік курста оқыды, кіші лейтенант дәрежесін алды.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Соғыс аяқталған соң елге оралды.