ҰОС ардагері Қуатбай Игіліковтің мүрдесі табылды

ҰОС жауынгері Қуатбай Игіліковтің сүйегі Ресейден табылды. 

Андрей Чеканов қазақстандық әріптестері мен достарына 2015 жылы Ресей іздеу жүйесі жазғы іздеу жұмысын бастағанын және Тверь облысы, Бельский ауданынан біздің қандасымыз – қазақ Қуатбай Игілікті тапқанын хабарлады. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер Ақтөбе облысы  Қандыағаш қаласында туған. Қуатбай Игіліков – сержант, №610 полктің барлау бөлімінің командирі болғаны белгілі болды. 1942 жылы желтоқсанның 12-сі күні Калинин облысы, Нелидов ауданында ерлікпен қазақ тапқан. Соғыста жан тапсырған қазақстандықтың жасы 25-те.

Қуатбай Игіліков 1917 жылы Актөбе облысы, Қандыағаш бекеті,  №36 үйде туған. Әкесі – Ушанов. Ұлы Отан соғысынан қалған дерек осы ғана.

Жауынгер Қуатбай Игіліковті басқа да 150 шақты майдангермен бірге қайта жерлеу рәсімі 2015 жылы 13 тамыз күні сағат 12:00-де болады.