Майдангерлер – Бекішев Мұқыш, Бекішев Сламбек

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Бекішев Мұқыш, 1905 жылы туған, қатардағы әскер, ҚӘҚШ (РККА ) қатарына 1942 жылы қосылған. Шақырылған жері – Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс АӘК (РВК). 1944 ж. 31 қаңтарында қайтыс болған. 256-атқыштар дивизиясында Волхов, Ленинград фронттарында соғысқан. Закив-Закибье ауылында жерленген. Марапаттары: "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік еңбегі үшін" медальдары. 

Бекішев Сламбек, 1910 жылы туған, қатардағы әскер, шақырылған жері – Алматы облысы, Іле АӘК (РВК). Тұтқынға түсіп, босап шыққан, одан кейін Парижде, Чикагода, Владивастокта болғаны ғана белгілі. Сауығып 1953 жылдан кейін оралған. 2000 жылы қайтыс болған. 

Материалдарды жолдаған: Салтанат Шымбаева