Ұлы Отан соғысының қайсар қаһармандары

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Әбуов Әубәкір 1920 жылы 20 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Еңбекшілдер ауданы Макин ауылдық округінде туылған. 1938 жылы педагогикалық техникумды бітірген, шұғыл түрде әскер қатарына алынардан бұрын Солтүстік Қазақстанда Қызылтаң жерінде мұғалім болып қызмет етті.

1939 жылы 15 қыркүйекте әскери қызмет өтеу үшін дереу Қызыл әскер қатарына шақырылды. 1942 жылы Кеңес Одағының коммунистер партиясына кірді, осы жылдың 23 наурызында 62-ші теңіздік шекара бөлімінде ант қабылдады.

1943 жылдан 1944 жылға дейін Ташкент қаласында Халықтық сыртқы істер коммиссариаты Харьков шекара училищесінде оқыды.

1942 жылдан 1946 жылға дейін кіші сержант Әбуов Әубәкір Мраморная миномет бөлімінің командирі болды, Қиыр Шығыстағы белгілі Хасан өзенінің бойында жапон басқыншыларына қарсы ұрысқа қатысты.

Ұлы Отан соғысының жапонға қарсы соғысқан жауынгері Әбуов Әубәкір 1946 жылы 13 сәуірде әскери қызметтен босады. Ұлы Отан соғысының II дәрежелі орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, 1945 жылы И.В.Сталин атындағы және мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Соғыстан соң Мәскеудегі сауда Жоғары мектебін бітірді. 34 жыл мемлекеттік сауда ісінде қызмет етті. 5 бала және 6 немере тәрбиеледі. 2014 жылы 17 сәуірде өмірден өтті.

Айманбетов Нұрахмет, Айманбетов Нұрмұхамед, Айманбетов Дінмұхамед – үш ағайынды Алматы облысы, Ақсу ауылының тумыстары.

Айманбетов Нұрахмет соғыс кезінде Сібірдегі еңбек әскерінде болды.

Айманбетов Нұрмұхамед 1903 жылы 5 қазанда туылды. 1941 жылы әскерге шақырылды. Минскте оқ тиіп, жарақаттанды. Тбилиси майдан госпиталінде жатты. 1945 жылы әскерден қайтарылды, 1971 жылы 28 ақпанда қаза болды.

Айманбетов Дінмұхамед 1918 жылы туылған. 1939 жылы финдік соғысқа аттанғаннан хабар-ошарсыз кетті.

Аронов Фазыл Аронұлы. 1912 жылы 1 қаңтарда туылды. 1945 жылдан бастап Бүкілодақтық конфедерация мүшесі болды. Қазақстандағы Қызылорда педагогикалық институтының және Мәскеудегі Шеттілдері институтының жоғары білімін алып шықты. Шені – капитан.

1942 жылдың қазанынан бастап 1945 жылдың тамызына дейін Сталинград, Воронежский, Калининградский, Батыс, Үшінші Белорусский, Бірінші Қиыр шығыстық майдандардың қатысушысы. 1946 жылдың 30 тамызында соғыстан босатылды. 1987 жылы 4 қарашада қайтыс болды.

Ұқсас жазабалар:

Бір шаңырақтан шыққан үш батыр

Әбілқайыров қазақтардың ерлігі туралы кітапқа белгі салып отырған