Баубек Бұлқышев: "Таңертең ұрысқа Отанды ойлай аттанамын!"

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Бүгін халықтық комиссар шешімімен маған жаңа әскери атақ берді. Енді мені кіші лейтенант ретінде күтуіңе болады.

Баубек Бұлқышев Ю.А.Гагарин алғаш рет ғарышқа ұшқаннан кейін бүкіл әлемге танылған Қазақстанның кішкене селосы Байқоңырда туылды. Фабрикалық-заводтық оқытуды аяқтады. Алматы газетінде жұмыс істеді. Жазушы болуды армандады. Міне, соғыс, майдан.

Жауынгерлік міндет ауыр. Бірақ сапер Баубек Бұлқышев сирек болатын тыныш сәттерде кемеңгерлікпен күнделік жазды. «Фашистер біздің жастық шағымызды, болашағымызды алып қойғысы келеді, - деп жазды ол. - Бірақ біз оңайлықпен берілеміз бе? Өлсек өлеміз, бірақ берілмейміз!» Ары қарай: «Адамгершілік Софоклдан Ленинге, Гомерден Горькийге, Бахадан Шостаковичке дейін көп өткелден өтті. Адамгершілік ғасырлар бойы мәдениет байлығына жинақталды... XX ғасырдың мәдениет мұраларын талқандаушыларға ештеңе де бермейміз», - деп қайталап, қатаң шешіммен аяқтайды Баубек: «Таңертең ұрысқа Отанды ойлай аттанамын!».

1942 жылы жазда Баубек құрдас-майдандастарының кеңесімен Мәскеуге «Комсомольская Правда» редакциясы мекенжайына күнделігінен үзінділер жазып, жолдады. «Правда» газетінің саяси шолушысы Юрий Жуков сол кезде Баубек Бұлқышевтің ұсақ хабарлары газет бөлімінде бірден қызығушылық туғызғанын, олардың бір бөлігі жарияланғанын және майданнан тікелей ақпар болып келіп тұрғанын айтады.

1943 жылдың күзінде үлкен әскери стратегиялық маңызы бар Криворожский темірлі-кенді аймақты және Никопольский марганец бассейнін қорғауда кескілескен ұрыс басталды.

Баубектің саперлік батальонды басқарғаны жөнінде жазған хаттары өте-мөте сирек келіп тұрды, содан кейін мүлдем келуін тоқтатты. Ұзақ үнсіздіктен соң жауынгер Н.Степурин: «Баубек Бұлқышев – менің командирім, ол біздің ең жақсы досымыз әрі жолдасымыз болды. Ол Ново-Юльевка селосындағы шайқаста қаза тапты»,- деген хабар жіберді...

Бірнеше жыл өткеннен кейін мынадай ресми анықтама келді: «810-шы атқыштар полкі, 394-ші атқыштар дивизиясының саперлік бөлімшесінің командирі Баубек Бұлқышев, Қарағанды облысы, Қарсақпай ауданында туған, Бүкілодақтық большевиктік коммунистер партиясының мүшесі, 1944 жылы 3 ақпанда қайтыс болған, Ново-Юльевтің Днепропетровский облысы, Софийский ауданында жерленді».

Ұқсас жазбалар:

Бір шаңырақтан шыққан үш батыр

Өзге ұлт өкілдері қазақ жауынгерлері жайында #4