9 мамыр. Германиядағы концлагерьлер қандай болған?

9 мамыр. Германиядағы концлагерьлер қандай болған?

Тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерь (немісше. Konzentrationslager) –  Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Германия аумағындағы немістердің үстемдігі. Концентрационды лагерьдің қамауына түскен тұтқындар жантүршігерлік азаппен, әртүрлі сырқат және адам сенгісіз медициналық тәжірибе себебінен қайтыс болған.

Ең алғашқы концлагерьлер еңбек және тәрбие жұмыстары ретінде құрылады. Олардың ең алғашқылары Үшінші Рейх мемлекетінде орналасқан. Оның барлығы 1933 жылы Германияда нацисттердің Үкімет басына келуімен тікелей байланысты. 1933 жылы 28 ақпанда рейхпрезиденттің қаулысы бойынша «Халық пен мемлекетті қорғау» үшін елдің ұстанатын режиміне қарсы шыққан күдікті деп танылған тұлғаны белгілі бір уақытқа дейін тұтқынға алады. Лагердің ең бірінші тұтқындары ГКП (Германия коммунисттік партиясы) мен ГСДП (Германия социо-демократиялық партиясы) болды. Ал 1933 жылы шілде айында тұтқындардың саны 26 789-ға жеткен. Алайда, кейіннен 1937 жылы тұтқындар саны 8 000-ге қысқарады. Одан соң концлагерьлерге қылмыскерлер мен бұзақыларды қамайды. Шамамен осы кезден бастап, еврейлер өз ұлтына байланысты қамауға алынған.

1938 жылы Аустриядағы аншлюсттен кейін тұтқындардың саны 24 мыңнан 60 мыңға дейін жоғарылаған. Сонымен қатар лагерьде болған «Хрустальді түннен» соң еврей тұтқындары 35 мыңға жақындайды. Әйткенмен Екінші дүниежүзілік соғыс басталмай тұрғанда еврей халқы эмиграциялық құжат иемденген жағдайда бостандық алған.

Соғыс басталған тұста лагерьдің басқару жүйесі кеңейтіліп, концлагерь тұтқындарын босатуға тыйым салынады. Онымен қоса тұтқындардың құрамы да өзгереді. Лагерьге саяси тұтқындар үлкен көлемде қамалады. Олардың басым көпшілігі қоршауға алынған облыстардың арестанттары мен «Түн мен тұман» қаулысындағы азаматар болған. Қарсылық көрсетті деген 7000 жуық  Франция, Белгия, Нидерланды күдіктілері Германия мемлекетіне әкелініп, сонда сотталған.

1941 жылдары «өлім лагері», «өлім фабрикасы» деген лагерьлер пайда бола бастайды. Олардың негізгі жұмысы - еуропалық еврейлерді түрлі әдіспен өлтіру. Мұндай лагерьлер Шығыс Еуропада, әсіресе, Польша жерінде көптеп кездескен. Олар: Белжец, Собибор, Треблинка, Хелмно.

1945 жылы қаңтар айының ортасында концентрацион лагеріндегі 37 мың еркек кіндікті қарауылды санамағанда 3500 әйел адам қызмет істеген.

1944 жылы концлагерьлерді жою іс-шарасы кезінде Үшінші рейхте 15 ең басты лагерь жұмыс жасаған. 1945 жылы концлагерьлердегі 700 000 адамның ішінде тең жартысы жаман жағдайда өмір сүргендіктен қырылып қалған. Тұтқындардың жартысы соғыстың ең соңғы күндерінде атылды. 

Сурет: www.google.com/maps, politikus,4725

Н. Нұрмаханұлы