9 мамыр. Массагет соғыс ардагерлері туралы естеліктер жинауды бастады

Биылғы жыл - Ұлы Жеңіске 70 жыл екені баршамызға мәлім. Айтулы мерекені тойлауға аздаған айлар қалды. Отанын сүйген батыр аталарымыз бен тылда аянбай еңбек еткен қара халықтың бірлігі болмаса, бұл жеңіске қол жетер ме еді? Олардың еңбегін елеп, келесі ұрпаққа жеткізу перзенттік парызымыз. Сол себепті Массагет сайты Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы естеліктерді жинап, халыққа таратуды қолға алып отыр. 

Туыстарыңыздың, таныстарыңыздың арасында ардагер жандар болса, солар туралы ақпарат жолдауыңызды сұраймыз. Барлық хаттар сайтымызда жарияланады.

Хаттарыңызды massaget.kz@gmail.com поштасына жолдай аласыздар. Нақтырақ ақпарат алу үшін +7775 236 93 05 (Шерхан Талап) нөміріне хабарласа аласыздар.

сурет: kazntu.kz