9 мамыр. Соғыста болған бір оқиға

Бұған дейін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Tengrinews.kz "Победители" жобасы шеңберінде соғысқа қатысқан және тылда еңбек еткен қазақстандықтар туралы мәліметтер мұрағатын жариялай бастағанын айтқан едік. Бүгін назарларыңызға соғыс ардагері Доненбеков Тұмарбек туралы баяндаймыз. 

Ұлы Отан соғысы ардагері Доненбеков Тұмарбектің естеліктерінен:

"Петен деп аталатын кішкене село үшін болған ұрыс мәнгі есімде. Бұл бес күнге созылған ауыр шайқас еді. Отан үшін, туған жер үшін талай жан өмірін қиып кете барды. Бүкіл бір полктен біздің экипаж ғана тірі қалды. Тек полк штабы қоршаудан шығып үлгерген еді. Қаза тапқан полк командирінің денесін әкелуге менің экипажым аттанды. Біз барғанда тек штаб бастығын ғана таптық. Штабқа оралар жолда алдымыздан немістің 25-30-дай танкілері кездесті. Әртүрлі тәсілдермен біз олардан жасырынып соңынан ердік. Олардын біздің корпус орналасқан ауданға бет алғанын байқадық та, сай-жыраны жағалап озып кеттік...".

Жалғасын мына жерден оқыңыз.