9 мамыр. Әйгілі ұшақ көл түбінен табылды

F6F Hellcat деп аталатын раритет ұшағы Америкадағы көлде жатқанына 65 жыл болса да, жер бетіне жақында ғана шығарылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жатқан бұл әйгілі жойғышты су түбінен алуды Хантер Броули есімді азамат шешкен. Өйткені ол 1945 жылы жойғышқа пилоттық еткен ұшқыштың немересі.  

Бұл ұшақтың тарихы мынадай: соғыстың соңғы жылдары, 5 қаңтар күні ұшақ апатқа ұшыраған. Ұшқыштың есімі - Вальтер Элькок. Ұшақты не үшін басқара алмағандығы әлі анықталып жатыр. Алайда ұшақ суға құлағандықтан, ұшқыш жағаға жүзіп шығып, аман қалған. Өзінің өлім аузынан қалай аман қалғаны туралы атасы сүйікті немересіне талай айтқан. 

Ұшақты көл түбінен алып, бірден қайта құруға жіберген. Толығырақ төмендегі видеодан көре аласыз.

Сурет: www.colleurs-de-plastique.com

Оқи отырыңыз:

Ұшақ парашютшілерді іліп кете жаздады

Мәскеуде Талғат Бигелдинов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтеді

Айдың бізге көрінбейтін жағында не бар? (Видео)

"Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі" фильмінің премьерасы кейінге қалдырылады