9 мамыр. Соғыс туралы қанатты сөздер

Қай-қай соғыстың да қара халықты тұралатып кететінін тарих дәлелдеген. 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында, тұғырлы тұлғалардың соғыс туралы айтқан қанатты сөздерін ұсынамыз. 

Адамдарды үйретпей соғысқа аттандыру - оларды сатып кету деген сөз. Конфуций Бізге Үшінші дүниежүзілік соғыс керек емес. Капитализм, коммунизм мен туризмнің өздері-ақ жетіп жатыр. Оливер Хассенкамп Не адамзат соғысты құртады, не соғыс адамзатты құртады.
Джон Кеннеди Бізге соғыс деген - өлім дейді. Жоқ, соғыс - өз-өзін өлтіру. Рамсей Макдоналд Басқа істерге сүйресең де бармайтын еркектер бір еркекті өлтіруге келгенде, жұдырықтай жұмылады. Сьюзен Гласпелл Соғыс деген шын мәнінде өрескел қателіктердің каталогі. Уинстон Черчилль Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. Бауыржан Момышұлы Соғыс кезінде заңның үні өшеді. Марк Туллий Цицерон Әскерден ең бірінші темірдей төзім талап етіледі; ерлік - екінші орындағы нәрсе. Наполеон I Біздің әскерлер шын мәнінде не үшін соғысып жатқанымызды түсінсе, бірде-бір соғыс болмас еді.  Ұлы Фридрих  Соғыстың ең алғашқы құрбаны - ақиқат. Джонсон Хайрам Рухты генеалдың өлі денесінен артық ештеңе көтере алмайды. Джон Мастерс Мен соғыстан жеңген бірде-бір халықтың байып кеткенін көрген жоқпын. Вольтер Соғысты әскери адамдар бастамайды. Соғысты бастайтын - саясаткерлер. Генерал Уильям Уэстморланд Соғыс соғысымен, ал түскі ас уақытында болуы керек. В. Путин Есі дұрыс адам әлемге соғыс тілемесе керек. Бейбіт өмірде ұлы әкесін жерлесе, соғыста әкесі ұлын жерлейді. Геродот Галикарнасский Қанша батыр болса да, Жауға салма жалғызды. Ел аузынан Соғысты көрмеген адамның соғыс туралы ләм деуге құқығы жоқ. Марлен Дитрих Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ! Дұрысы тірлік қылып, ізденейік. Шынайы даңқ - еңбекпен келген атақ. Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын. Ги де Мопассан

Сурет: kartinki24.ru