Мерекеде не киеміз?

Мерекеде не киеміз?
Фото: buro247.ru

Жыл құстарының қанатына ілесе келетін 8 наурыз мейрамын қыздар қауымы ерекше ықыласпен күтеді. Көктемдей құлпырып, гүлдей жұпар шашып, айналаға сән беріп, жадырай түседі. Осы мейрамның алдында барлығы ерекше дайындалады. Сүйіктім кездесуге шақырып қалса, әріптестермен мейрамханаға барсақ, достармен қыдырсақ деген болжамдарға алдын ала киім сөресін түгендейді. Осы жолы қалай ерекшеленіп көрінсек болады?

Жолақтар

Жолақтар ешқашан сәннен қалмайды. 2017 жыл – Тауық жылы болғандықтан, жолақтардың дәурені жүреді. Мейлі ол түрлі түсті болсын, маңызды емес. Бастысы, көңіл-күйіңізге және баратын жердің мәртебесіне қараңыз. Егер салтанатты кеш болса, мейлінше бірыңғай түсті көйлек таңдаған жөн. Ал егер достарыңызбен көңіл көтеретін орынға барсаңыз ерекше стильдегі киім таңдаңыз.

Гүлді принт

Гүлді принттер қазір тек көйлектерде ғана емес, костюм-шалбарларда да көріне бастады. Өткен ғасырдың 60-жылдарына ұқсас образдар сәнге қайта оралғанын байқауға болады. Бұл образ барлық кешке арналады.

Бахрома

Былғары бахрома дене бітімі кішкентай және арық қыздарға жарасады. Осы мейрамда осындай образ таңдаса, қателеспейді.

Көйлек

Қазіргі таңда барқыттан немесе баршыннан тігілген көйлектер, жейделер, костюмдер трендке ене бастады. Марсала немесе ашық қызыл, қою көк түсті образды таңдасаңыз, көктем маусымында киюге ыңғайлы.

Қосымша

Барлық образға сән беріп тұратын да, артық оранып кетсең, өңін бұзатын да – акссесуарлар. Сондықтан, оны мейлінше сақтықпен қолданған дұрыс. Түсі немесе көлемі, болмаса бұйымның өзі сіздің бейнеңізді ашпауы мүмкін. Егер алтын сырғаңызда кішкентай гауһар тас болса, ал мойныңыздағы алтын алқаңызда аширит тасы болса, қанша біртектес (екеуі де алтын) болғанымен, сән жағынан сәйкес келмейді. Гауһарға – гауһар, жылтыр тасқа – тас тағу қажет.

Ал орамал, қалпақ дегендерден қорықпасаңыз болады. Олардың түсіне қарап, сондай шағын қол сөмке ұстаңыз немесе түйреуіш тақсаңыз артық етпейді.

Г. Берік