Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!
Фото: turkystan.kz

Наурыз халқымыздың сүйіншілеп күткен құтты мерекесі. Жақсылық пен қуанышты, құт-берекені, игілік пен жаңғырудың белгісіне айналған осынау аққа толы жаңа күннен күтеріміз мол.

Massaget.kz порталы барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтайды! Әз Наурыз бүкіл әлем халқы үшін табысты да, шаттыққа толы жыл болсын. Шаңырақтар шайқалмасын, әр үйден бақ-береке кетпесін.

Наурыз – туған жеріміздің қайта жаңаруының көрінісі. Баршаларыңызды осынау көктемнің тамаша мерекесі, жыл басы Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Ұлыстың ұлы күні əрбір шаңыраққа қуаныш, бақыт, ізгі үміттер ала келсін. Отанымыз Қазақстан гүлдене берсін!

Бұл көктем мейрамы сізге және сіздің шаңыраққа денсаулық пен бақыт, татулық пен береке әкелсін!

Барлық игілікті істер табысты болып, жемісті еңбектеріңіз тек қана қуаныш әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Қ. Слямбек