- Негізгі бет
- НАУРЫЗ 2014
- 22 наурыз мәзірі....
22 наурыз мәзірі. "Тұлпар" салаты
Қазақша жыл санау бойынша төрімізге жылқы жылы шыққалы отыр. Осы орайда Наурыз мерекесіндегі дастарқаныңызға "Тұлпар" деп аталатын салатты жасап көріңіз дегіміз келеді. Салаттың құрамындағы тағамдар өте құнарлы, көктем мезгілі үшін өте пайдалы.
Құрамы: 2 картоп жүгері 1 кесе күріш ақжелкен майонез
|
Бірден жұмыртқа мен картопты пісіруге кірісіңіз. Екеуін де ұзын әрі жіңішке етіп турайсыз. Үккішті пайдалануға да болады. Енді барлығын араластырасыз. |
Майонез бен тұз қосуды ұмытпаңыз. |
Дайын болған салаттан жылқының пішінін жасауды бастаңыз. Алдын ала сурет сызып алсаңыз, дұрыс болады. Аттың жалын, көзін, жүгенін жасау үшін ақжелкенді, жүгеріні пайдаланыңыз. |
"Тұлпар" салаты дайын! Асыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева
Наурызда дайындалатын басқа да тағамдар:
Р. Роза