22 Наурыз. Мәзір: Қуырдақ

22 Наурыз. Мәзір: Қуырдақ

Қуырдақ  - соғыммен бірге жасалынатын кәделі әрі дәстүрлі тағам. Соғым сойылған үйде қуырдақтың дайындалмауы мүмкін емес. Әзірленуі қиын емес және тез піседі. Қуырдақты сұрп ет пен өкпе бауырды, бүйректі майлы ішек-қарынға араластырып, қуырып пісіреді. Қала жағдайында қарапайым ас үйде қуырдақты қалай жасауға болады?

Құрамы: 

  • бауыр еті - 500гр;
  • өкпе, жүрек - 300гр;
  • құйрық май - 150 гр;
  • картоп - 5-6 дана;
  • пияз - 1 дана.
Қызған қазанға құйрық майды шыжғыртамыз.
Жүрек, өкпе етін қуырмаыз.
5 минуттан кейін бауыр етін қосамыз. Тұздап, араластырамыз.
Тағы да 5 минут қуырып, туралған пияз қосамыз.
Сорпа не су қосамыз. Сорпаның тұзын тексереміз. Бір қайнағаннан кейін туралған картопты қосамыз.
Отты басып, бұқтырып қоямыз.
Қуырдақ дайын. Астарыңыз дәмді болсын.

Дайындаған: Сания Аринова

С. А