«Apple мәзір» байқауының жеңімпазы

15 сәуір − Ғашықтар күніне орай Мassaget.kz сайты «Apple мәзір» атты байқау ұйымдастырған болатын. Байқаудың басты ережесі бойынша мәзір құрамында алма болуы керек немесе алманың бейнесін жасау қажет. 

Байқауға қатысушылардың ұпайлары:

Айнагүл Садық: "Бақыттымын өзіңмен!"

398 көрілім - 3,98 ұпай;
25 лайк - 25 ұпай;
28 пікір - 112 ұпай;
Massaget.kz ұжымы - 20 ұпай;
Барлығы: 160,98 ұпай 

Кәусар Кәрімова: "Алма қосылған штрудель"

191 көрілім - 1,91 ұпай;
5 лайк - 5 ұпай;
8 пікір - 32 ұпай; 
Massaget.kz ұжымы - 20 ұпай;
Барлығы: 58,91 ұпай

Жазира Жомартова: "Гүлді алма бәліші"

309 көрілім - 3,09 ұпай;
6 лайк - 6 ұпай;
3 пікір - 12 ұпай; 
Massaget.kz ұжымы - 20 ұпай;
Барлығы: 41,09 ұпай

«Apple мәзір» байқауының жеңімпазы Айнагүл Садықты шын жүректен құттықтаймыз!

Төменде Айнагүл Садық ұсынған 3 мәзірдің ішінен Massaget.kz ұжымы таңдаған бұқтырылған алманың дайындалу жолын ұсынамыз.

Алманы жуамыз.

Алманың қабығын ашпаймыз. Оның ортасын пышақпен және қасықпен ойып аламыз.

Алмаға салынды дайындаймыз. Ештеңе қоспай-ақ сүзбенің өзін ғана қолдансаңыз болады. Кесеге 2 ас қасық сүзбе саламыз.

Сүзбеге аздап мейіз саламыз (міндетті емес). 

Егер тәттіні ұнататын болсаңыз, оған 1 ас қасық қант саламыз, бал құюға да болады. Барлығын жақсылап араластырамыз. 

Дайын салындыны алмалардың ішіне саламыз. 

Грек жаңғағын ұсақтап тураймыз (кез келген жаңғақты алуға болады).

Жаңғақты сүзбенің үстіне саламыз. 

Алманы ашық жері қалмайтындай етіп, фольгамен ораймыз. 180 градуста қызып тұрған пеште 10-20 минут шамасында (пешіңіз қыздыруына қарай) ұстаймыз.

Айнагүл Садық ұсынған "Бақыттымын өзіңмен!" тағамы дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

Байқау жеңімпазына Massaget.kz ұжымы атынан сыйлығымыз (ыдыс кептіргіш) бар.